Сызу "Негізгі көріністер"


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға өз білімдерін талдап түсіндіре алуына, бір-бірімен сұрақ қою арқылы ұйымшылдығын арттыруға негізгі көрініс тақырыптары бойынша білімдерін жетілдіруге бағыт-бағдар беру.

Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, рпактикалық, теориялық салыстыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды әдемі де саналы болуға, топпен әділ шешім шығара білуге, ынтымақты және ізденімпаздыққа, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, қалыптастыру.

Типі: жаңа білімді игеру сабағы.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: топпен жұмыс, талдау, салыстыру, баяндау, тірексызба, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Көрнекілігі: үйлестірмелі карточкалар, геометриялық денелер, плакаттар, әр оқушының екі топтың қызыл, көк «эмблемалары».

Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Түгелдеу.
  3. Сынып тазалығын тексеру.
  4. Назарларын сабаққа аудару.
  5. Құрал-жабдықтарын тексеру.
  6. Екі топқа бөліп ат беру. (диаметрия, изометрия).

     II. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге №12 графикалық жұмыс, оған аксонометриялық проекцияны салып, оны үш көріністе салып келу.

  1. Аксонометриялық проекция нешеге бөлінеді?
  2. ОХ осіне дейінгі аралықты не деп атайды?
  3. ОУ осіне дейінгі аралықты не деп атайды?
  4. ОZ осіне дейінгі аралықты не деп атайды?
  5. Алдыңғы көріністі қандай проекция деп атайды?
  6. Үстіңгі көріністі қандай проекция деп атайды?
  7. Сол жақ көріністі қандай проекция деп атайды?
  8. Геометриялық денелерге қандай денелер жатады?

Оқушыларға үлестірмелі карточкаларды тарату.

Оқушылардың бүкіл сызып келген сызуларын жинап алып бағалау.

Қосымша: Екі топтан жарыс ұйымдастыру (ол үшін әр топтан 3 оқушыны тақтаға шығарып, плакаттағы суретке қарап жауапты тақтаға сызып көрсеткізу. Сонда 6 оқушы  бағаланады. Орнында отырған 2 оқушы алгоритмнің сұрақтарына жауап беріп, бір-біріне сұрақтар қояды).

     III. Үй тапсырмасын қорытындылаймыз:

     Нәтижесінде бүкіл оқушы бағаланады. Үй жұмысын сызғаны, тақтаға шыққаны, бір-біріне сұрақ қоюы, алгоритм сұрағына жауабы, топ басшыларының жауабы бар – түгел оқушыны қамтып, сұрап шығуға болатынына көз жеткіземіз.

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.