Мақсаты:1) Балаларды жұптасып жүруге, жүгіруге қырымен шоқырақтап жүгіруге, артқа қарап алға қарай жүруге жаттықтыру. Қолды күшпен серпіп, екі аяқпен шығыршықтан шығыршыққа секіргенде жұмсақ жерге қонуға үйрету;
2) Допты тордан лақтыруды, гимнастикалық отырғыштан ішімен өрмелеуде, қолымен алға қарай қолды түзу ұстап тартылуды қайталау;
3) балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің шапшаңдық, күштілік, төзімділік болуға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен өзара достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: 3-4 текше, гимнастикалық төсеніш 2 гимнастикалық отырғыш, гимнастикалық қабырға.
Әдіс-тәсілі: тыңдау әдісі, дұрыс сөйлеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Билингвальді компонент: солға, оңға, бұрыл, тіке, т. б.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.