Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.
ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.
ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.
Ү. Дәптермен жұмыс
Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?
Төмендегі сызбаға жаз.
Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы | Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты |
|
|
ҮІ. Қорыту
Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.