№70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)



Сабақтың мақсаты:           1. Дұрыс,  түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.

                                           2.  Ойлай,  қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап

                                                жеткізуге дағдыландыру.

                                           3.  Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі.               Аралас  сабақ.

Сабақтың әдісі.              Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.

Көрнекілігі.                   Суреттер, жұмбақтар.  

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру   кезеңі                               .

 1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын  хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

 2.Сабақ  мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Кіріспе

   -Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?     

  2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда  негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс

шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.

Мысықтан қорқады,

Түнде жортады.                  ( тышқан )

Тонын кие туған,

Жалап бетін жуған.            ( мысық )

 - Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.

 3. Оқулықпен жұмыс.  -     Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.

Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.

Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?

4.   Дәптермен жұмыс.     - жұмбақты жатқа жазу.                                                                                                            

Жаңа сабақты бекіту.  -   Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы.

                              -   Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.                                             

                              -  Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

Қорыту.

Суретпен жұмыс. 

   Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.