Сабақтың мақсаты: | Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру. |
1. Білімділік: | Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту. |
2. Дамытушылық: | Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту. |
3. Тәрбиелік: | Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі: | Аралас сабақ. |
Сабақтың әдісі: | Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын. |
Сабақтың көрнекілігі:
| Мамандыққа арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар. |
Сабақтың барысы: |
|
I. Ұйымдастыру кезеңі. | 1.Сабаққа балаларды дайындау. 2.Сабақ мақсатымен таныстыру. |
II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту. |
- Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы? - Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің? - Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма? - « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің? |
III. Жаңа сабақ 1. Кіріспе : | - Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай» - Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер? |
2. Мұғалімнің түсіндіруі:
|
-Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік. Ата –асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ. - Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы. - Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік. |
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу. Рөлмен оқу.
Сөздік жұмыс
Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Ақтабан – жылқының атауы.
Қаракөл қой – қойдың түрі.
Бекіту.
Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп,әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.
Туыстық атауы |
| Мамандығы |
Атасы |
| тәрбиеші |
Нағашысы |
| монтер |
Жеңгесі |
| жылқышы |
Ағасы |
| сауыншы |
Жиен ағасы |
| құрылысшы |
Апасы |
| егінші |
жездесі |
| қойшы |
2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
а) өлеңге сүйеніп; ( класта)
б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)
Әке жағынан туыс | Шеше жағынан туыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?
4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»
- Бүгінгі сабақта біз не білдік,неге үйрендік?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.