Мақсаты: Көк кептер әңгімесін оқып, құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айта білуге баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстар суреті.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік жұмыс.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тізбектей оқыту. Мазмұнын сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Балық аулаған балының көңіл күйі өлеңде қалай суреттелген? Бала қармағына не деп сөйледі? Көл жағасында өлеңінде жылдың қай мезгілі суреттелген? Тау етегі неге ұқсайды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Көк кептер
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ «Көк кептер» әңгімесін оқып, мазмұнын ашу. Құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. ә/ әңгімені оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
б/ Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: а/ сұрақтарға жауап алу Нүсіпбек қандай жағдайға тап болды?Оған ара түскен кім? Балалардың үлкендеуі не үшін Нүсіпбек жөнінде сұрап біліп алды деп ойлайсың? Балалар көк кептерге қандай көмек жасауы мүмкін? ә/ Тапсырмаларды орындау,әңгімені рөлге бөліп оқу,мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы. б/ Жұмбақты шешу. в/ құстар туралы өлең тақпақтар айту.
ҮІІ. Бекіту:құстар жайлы нақыл сөздер айту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұнын айту.Бағалау.
М.Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.