Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:1.Қатырма қағаздар қобдиша жасауды үйрету.
2.Дұрыс сызу ,қию,қайшыны ұстау,дұрыс сызуға дағдыландыру.3.Еңбекке баулумен қатар ұқыптылыққа,әдептілікке баулу
Құрал –жабдықтар, көрнекті құралдар: Қатырма қағаз, жіп, қайшы , клей
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.Сөздік қормен жұмыc:
Сабақ жоспары:Ұйымдастыру .Жаңа сабақ 1.а) Кіріспе. б) Мұғалімнің түсіндіруі, көмегі.2. Пысықтау, оқытушы еңбегі, қорыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Жаңа сабақ.а) Кіріспе. Балалар, қалай ойлайсыңдар қобдиша не үшін керек болады? б) Мұғалімнің түсіндіру. Қобдиша ұсақ түйек салу үшін керек. Қобдишаның негізі –қорап.
Пысықтау :Қобдишаның түбін, қабырғаларын түсті қағазбен желімдейміз. Оны сызғышпен, алақанмен тегістейміз. Өстіп, қобдишаның екінші бетін жасаймыз. Біткен соң әшекейлейміз. Оқушы еңбегі және мұғалім көмегі
Қорыту :Қобдишаны желімдеу ретін айт. Қалай әшекейлейміз. Кімге сыйлайсыңдар?
Бауды немесе таспаны қалай жасайсың? Бүгінгі сабақта не істедік? Қалай? Саған ұнады ма? Ұқыптылық деп қалай түсінесің? Сабақты қорытындылау, бағалау.
Бағалау:Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, әшекейлеу.
Үйге тапсырма беру:124-126 бет оқу
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.