Кітапхана білім мен ғылым ордасы
Кітапхана – білім мен ғылым ордасы
"Кітапхана тірі болса – халық та тірі.
Ол өлсе – біздің өткеніміз бен болашағымыз да өледі"
Д. Лихачев
Бүгінгі күнде кітапхана – ақпарат орталығы. Мектептің кітапханасы мектеп негізі қаланған күннен бастап бар. Мұғалімдер «Оқу үрдісіне көмек» деп аталатын көрмеде жаңарып, көрсетіліп отыратын әдістемелік жаңалықтармен, мерзімді басылымдармен таныса алады. Оқушылар олимпиадаға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалу үшін кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін белсенді пайдаланады. Оқушылардың жыл сайын өтетін кітапхана тәжірибесінде «Кітапхана достары» анықтама әдебиетімен, тізбелермен, картотекалармен дағдыланып жұмыс істеуіне мүмкіндіктері бар. Кітапхана – бұл 6 орынға арналған абонемент және оқу залы. Оқу залында жасөспірімдерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған мерзімді баспалармен танысуға болады. Мектеп кітапханасы түрлі кітаптар қорымен орналасқан. Жалпы қор - 45238 дана, кітапханалық қор - 28743 дана, оқулықтар – 16495, дисктер- 467. Барлық оқушы- 348, соның ішінде кітапханаға жазылғандар- 562 оқырман (мектеп қызметкерлерімен бірге). Көркем әдебиет классикалық шығарма түрінде де, заманауи, шетел әдебиеті және қазақ авторларының шығармаларымен де ұсынылған. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылым жұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!! Кітапхана – басқа әлемге апаратын жол. Әрі, мұндай әлем өте көп, әрқайсысы мұнда өз әлемін табады. Бұдан басқа ол таусылмайтын білім көзі. Кітапхананың бары қандай керемет! Кітапхана – сүңгіп, барлық мәселелерден арылатын білімнің үлкен дариясы! Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық. Мектеп кітапханасы – бұл ақпарат және рухани, адамгершілік-зиялылық, эстетикалық даму орталығы. Жақсы кітапханасы жоқ мектеп білім беру және тәрбие қызметін жоғары деңгейде атқара алмайды.
Родина орта мектебінің кітапханашысы Фазылова С.А.
Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.