Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру.
Жетістік критерийлер:
- С. 1.Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.
2.Төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.
- В.1.Шағын әңгіме құрастырады.
2.Бір – бірімен диалогқа түседі.
- А. 1.Жоғары дәрежелі сұраққа Клише арқылы жауап бере алады.
Негізгі дерек көздер: оқулық қазақ тілі.2сынып, А.Қайырбекова. Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:«Ыстық орындық» әдісі,Миға шабуыл, сұрақ-жауап
Сабақтың кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Деректі көздер |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиалық ахуал туғызу. | 4 мин. | Шеңбер құрып, басқа ұлт өкілдерінің амандасуымен сәлемдесу. | Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсы бір –бірімен басқа ұлт елдері қалай амандасытының көрсету. |
|
Топқа бөліну | 1 мин | Топтар асық арқылы бөлінеді
Бағалау парақтарын таратады. | Оқушылар асықты алып, асықта берілген сан бойынша топқа бөлінеді..Топ мүшелерін сайлайды.Бағалау парақтарын алады. | Бағалау парақтары |
І. Білу | 5 мин | «Ой қозғау» әдісі - Сенің сүйікті ісің не? - Сен немен шұғылданасың? - Сен үйірмеге барасың ба? -Спорттың түрлері ұнай ма? | - Менің сүйікті ісім –кітап оқу, тоқу, теледидар көру. - Мен спортпен шұғылданамын -Иә, мен үйірмеге барамын. -Иә, спорттың түрлері көп, соның ішінде футбол, пионербол ұнайды. Оқушылар бір –бірін қолпаштау арқылы бағалайды. |
|
ІІ.Түсіну | 8мин | Сөздікпен жұмыс Ұнайды –нравится Жаңа –новый Компютер Сөздермен жұмыс істеу. Сөздерді дауыстап оқыту, бір, екібалаға оқытқызу. Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
| Оқушылар дауыстап оқиды, сонан соң бір, екі бала орысша және қазақша оқып шығады. Сөздік дәптерге жазады.
Әр топ сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы: маған компютер ұнайды.Бір –біріне сөз тіркестерін оқиды. Бағдаршам арқылы бағалайды. | Сөздіктер Үш түсті бағдаршам
|
Сергіту сәті | 2мин | Дене қимылын көрсетіп, тақпақты айту. | Оқушылар дене қимылын жасайды. |
|
ІІІ. Қолдану | 7мин | « Карусель « әдісі бойынша жұмыс істеу. Әр топ 59 бет, 5 –тапсырманы орындайды. Содан кейін түсініктерін постерге салады. | Оқушылар әр топта тапсырмаларды орындайды. Дәптерлерімен алмасып, бір –бірін тексереді. Постерге сөйлем құрастырады.
|
|
ІV. Талдау | 8мин | Кесте бойынша сөйлем құрастыру. Компьютер _______ __________ __________. ______ _______ _________.
| Оқулыққа сүйеніп, сөйлем құрастырады. Бір –біріне дауыстап оқиды. | стикерлер |
V. Жинақтау | 5мин | Сұрақтарға жауап беру. Сенде компьтер бар ма? Компютердің адамға зияны бар ма? Неге? | Оқулық бойынша сұрақтарға жауап береді.Қолпаштау арқылы бағалайды. |
|
VІ.Үй жұмысын беру. Бағалау | 5мин | 58 бет, диалогты оқып келу.Сөздік жаттау. -Бүгін не өттік? -Не қызықты өтті?
-Бағалау парақтарын толтырады. Өзін-өзі, жұпты,топты бағалайды. |
Оқушылар стикерге жазып, тақтада ілілу тұрған плакатқа жапсырады.
Топ басшылары бағалау парақтарын толтырып бағалайды.
|
|
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.