Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру.
Жетістік критерийлер:
- С. 1.Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.
2.Төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.
- В.1.Шағын әңгіме құрастырады.
2.Бір – бірімен диалогқа түседі.
- А. 1.Жоғары дәрежелі сұраққа Клише арқылы жауап бере алады.
Негізгі дерек көздер: оқулық қазақ тілі.2сынып, А.Қайырбекова. Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:«Ыстық орындық» әдісі,Миға шабуыл, сұрақ-жауап
Сабақтың кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Деректі көздер | ||||||
Ұйымдастыру кезеңі Психологиалық ахуал туғызу. | 4 мин. | Оқушыларды шеңберге қойып қолмен, аяқпен, көзбен амандастыру .
| Оқушылар шеңберге тұрып қолмен, аяқпен, көзбен амандасады. Топтың ішінен топ басшысы, тайм – кипер, хатшы, баяндамашы
|
| ||||||
Топқа бөліну | 1 мин | Топқа түрлі түстер арқылы бөлінеді. Бағалау парақтарын таратады. | Топ мүшелерін сайлайды.Бағалау парақтарын алады. | Бағалау парақтары | ||||||
І. Білу | 5мин | «Қар үйіндісі » әдісі арқылы өткен сөздерді еске алып, қайталау. Мұғалім АКТ-ны құрал ретінде қолданып сөзжұмбақ береді. Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шығады. Сөзжұмбақтың сөзі - гүлдер | Әр топ білген сөздерін доп арқылы қайталап шығады кім көп сөздерді аударса, сол топқа ұпай беріледі.
Оқушылар бір –бірін қолпаштау арқылы бағалайды. | Доп Интербелсенді тақта | ||||||
ІІ.Түсіну | 8мин | Біздің тақырыбымыз: «Менің сүйікті ісім –гүл өсіру». Оқушыларға гүлді қалай күту керек туралы қысқаша видео ұсынады. -Ал, балалар бұл үзіндіде не көрдіңдер? -Гүлдер қандай болады? - Гүлдерді күту қиын ба? Оқулық бойынша сөздікпен жұмыс | Әр топ тақырыпты дәптерге жазады. Видеоны мұхият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздермен жұмыс істейді. Сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастырып 1 тапсырманы орындайды.Сонында тексеріп бағалайды. Бармақтан шыңтаққа дейін. | Сөздіктер Үш түсті бағдаршам
| ||||||
Сергіту сәті | 2мин | «Қызыл өрік» әні арқылы дене қимылын көрсетеді | Оқушылар дене қимылын жасайды. |
| ||||||
ІІІ. Қолдану | 8мин | Әр топқа тапсырма беріледі. 1.Мәтінді оқу. 2.мәтінді аудару. 3.Мәтіннің ішінен тек жуан сөздерді дауыстап оқу. | Оқушылар әр топта тапсырмаларды орындайды. Дәптерлерімен алмасып, бір –бірін тексереді. |
| ||||||
ІV. Талдау | 7мин | Әр топқа карточка беріледі.суреттің орныңа сөздер қою. Әр топ сөйлем құрастырады. Постермен жұмыс | Оқулыққа сүйеніп, сөйлем құрастырады. Бір –біріне дауыстап оқиды.Постерге жазып, суретін салады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалау бойынша бір –бірін бғалайды. | стикерлер | ||||||
V. Жинақтау | 5мин | «Менің сүйікті гүлім» туралы интервью беру. | Оқулық бойынша сұрақтарға жауап береді.Қолпаштау арқылы бағалайды. |
| ||||||
VІ.Үй жұмысын беру. Бағалау | 5мин | Оқушыларға парақтар таратылады.
Мұғалім бағалау парақтарын таратады. Бағдаршам арқылы қызыл – түсіндім, білдім Сары – онша емес Жасыл – түсінбедім, білмедім. | Топтың спикерлері бағалау критерийлерге сүйеніп бағалайды. | Бағалау критерийлері |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.