Оқыту мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру және өткен сабақтағы білімдерін ұштастырып, тапсырмаларды орындау
Күтілетін нәтиже:
Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрай алады.
Өз ойларын жеткізеді.
Грамматикалық тапсырмаларды орындайды.
Кезең | Уақыт | Ресурстар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Модуль |
Ұйымдастыру кезеңі | 3 мин. | «Мозайка» әдісі
«Шаттық шеңбер» әдісі | 1.Амандасу, түгендеу.Топқа бөлу. 2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақырады. Кәне,достар,тұрайық Шеңберімізді құрайық. Жақсы-жақсы тілектер Бір-бірімізге сыйлайық! | Оқушылар «Мозайка» әдісі бойынша топтасып,өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар бір-біріне жақсы тіліктер айтып,сәттілік тілейді. |
| ОмОЖТ |
Білу Кіріспе бөлімі | 2 мин. | Үйге берілген ашық хаттарды жинау, ең үздігін таңдап алу | Ең үздік ашық хаттын оқу | Мадақтау | ОүБжОБ | |
Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпқа шығу | 3 мин. | Бейнефильм | Балаларын назарын бейнефилимьге аудару. Сабақтың тақырыбын ашатын сұрақтар қояды: Балалар, сонымен фильм не туралы? Мектепте қандай оқу кабинеттері бар?
Сабақтың мақсатымен таныстыру. | Бейнефильмді тамашалайды, сұрақтарға жауап беріп, тақырыпқа шығады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
|
| СТОү ОмОЖТ АКТ |
Түсіну Мағынаны тану
| 7 мин
|
Мәтінмен жұмыс ( тыңдалым) «Он сұрақ» әдісі
|
1.Аудиотаспада мәтінді ұсынып, тыңдатады. 2. «Он сұрақ» әдісі бойынша түсінгендерін сұрақ қою арқылы тексереді. |
Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.
|
Екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы бағалау |
АКТ СТОү ТжДБО ОБжК ОүБжОБ
|
Сергіту сәті | 2 мин |
Моноблок немесе интербелсенді тақта | Мульти кейіпкердің қимылын қайталап мұғаліммен бірге жаттығу жасау. | Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды. |
| ОЖЕСО |
Қолдану | 15 мин | Флипчартпен жұмыс | Әр топ өзінің ұнаған оқу кабинетін постерге салып, постер арқылы кейін қорғайды.оқу кабинеттерін де өздері таңдап алады.
| Флипчартқа постер салады, топтан бір оқушы қорғайды. | Оқушылар бір-бірін қолпаштайды | СТОү ТжДБО ОБжК ОүБжОБ
|
Талдау | 5 | эссе | Маған ұнайтын оқу кабинеті... | Ойды әрі қарай жалғастырып жазады. | Оқушылар бір-бірін қолпаштайды | ОмОЖТ КжБ ТжД ОүБжОБ
|
Синтез | 3 | Кезбе тілші | Әр топтан бір оқушы кезбе тілші болады. Мұғалім микрофон немесе ұялы телефон береді | Бір оқушы кезбе тілші ретінде басқа оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қойып,жауаптарын алады. |
| ОмОЖТ ТжДБО КжБ СТОү |
Бағалау
Үй тапсырмасы | 5 | Бағалау критерийлері
Күнделік | Бағалау критерийлерін жинау, қорытынды баға қою.
Берілген үлгі бойынша шақыру билетін жасап келу
| Топ басшысы критерий бойынша бағаларын анықтап, күнделіктеріне қояды.
| Критерий арқылы бағалау.
| СТОү ОүБжОБ |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.