Сыныбы – 10 (ж) сабақ реті: күні________
Тақырыбы | §1.6.Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Лабораториялық тәжірибе№1. | уақыты |
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік: | Ерітінділер,қышқыл және негіздердің иондық теориялары, электролиттік диссоциациялану туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, білімді қалыптастыру;
иондық теорияның қолданылуының шектеулі екендігін газтектес заттар мысалы арқылы түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
|
|
Сабақ типі: | Жаңа сабақ. |
|
Сабақ өткізілу түрі: | Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 9-ППР-5, 10-ППР-1 |
|
Құралдар мен реактивтер: | интерактивті тақта, 9-ППР-5, 10-ППР-1, 0.5г кальций оксиді, индикаторлар, қышқыл,сілті ерітінділері, мыс сульфаты, цинк хлориді |
|
Ұйымдастыру кезеңі: | (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. | 1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: | Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру. | 5-7 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: | 1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация ) Білімділік міндеттері: . -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; - оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: Ерітінділер . 1.Білімді жаңғырту:
.Фронталды сұрақтар: Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидалары қандай? Қандай заттарды электролиттер жәнебейэлектролиттер деп атайды? Мысал келтіріңдер. ЭД теориясын кім ұсынды? | 3-4 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
| Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 2.Мұғалімнің түсіндіруі: Жаңа сабақты түсіндіру: Лабораториялық тәжірибе №1. Аррениус теориясы: Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған. С. Аррениустың иондық теориясы қышқылдар сулы ерітінділерінде катион ретінде тек сутек ионын түзетін электролиттер, негіздер- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда анион ретінде тек гидроксид ионы түзетін электролиттер деп қарастырады. Қышқылдар сумен әрекетескенде оксоний ионын түзеді Н3О+. Мысалы: HNO3===H++NO3– НС1---------Н++С1– Н2SO4----H++HSO4– HSO4– -------H++SO42– Барлық қышқылдар ерітіндісі үшін сутек ионының болуы қышқылдарыдың қасиетін анықтайды. Қышқылдар- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда катион ретінде тек сутек ионы түзілетін күрделі заттар Қышқыл анионы деп қышқыл қалдығын атаймыз. Металл гидроксидтері суда ерігенде гидроксид-ион түзіледі.Сілтілердің суда еру процесі былай жазылады: NaOH----Na +OH Ca(OH)2----Ca + 2OH Барлық сілтілер ерітіндісі үшін гидроксид -ионының болуы ,негіздердің қасиетін анықтайды. Негіздер- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда анион ретінде тек гидроксид ионы түзілетін күрделі заттар. Негіздеранионы деп гидроксид тобын атаймыз. Барлық тұздар ерітіндісі сулы ерітінділерінде диссоцияланғанда металлкатионына және қышқыл қалдығы анионына ыдырайды.Мысалы: орта тұздар: Na2SO4---2Na+SO4 KNO3----K+NO3 Тұздар- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда металл катионы,сутек анионы түзілетін күрделі заттар.Сулы ерітіндіде барлық иондар гидраттанған түрде болады. Иондық теорияны қышқылдық негіздік әрекеттесу тұрғысынан қарастырайық: Н3ОС1 +КОН ===КС1 + 2Н2О Н3О +ОН ==2Н2О. Бұл процесте оксоний ионыны гидроксид ионымен бейтараптанады.Бұдан шығатын қорытынды қышқылдық қасиет тек оксоний ионына тән,ал негіздік қасиет-гидроксид ионына тән.Бұл иондар өзара байланысып тұз түзеді. Иондық теорияның қолданылуының шектеулі екендігі. | 20-22 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңі: | Білімділік мақсаты: 1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; - 9- ЕТЖ -5;10- ЕТЖ -1 дәптерімен жұмыс орындау №1-3, 8 бет (№1) 1.Жаттығу 1-4.кітаптың 28беті.
|
2-3 |
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
| -тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау; Жаттығуды тексеру. Дәптерге жазу.
| 6-7 |
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: | -оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау; Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау. -оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. 1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу: Қорытынды: *Қышқыл,тұз, негіздердің судағы ерітіндісінің диссоциациялануынан қасиетін сипаттайтын иондар түзіледі. *Қышқылдар- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда катион ретінде тек сутек ионын және қышқыл қалдығы ионын түзеді. *Негіздер- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда металл катионы, гидроксид анионын түзеді. * Тұздар- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда металл катионы,сутек анионы түзеді. | 3-4 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі: | Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. параграф 1,6 оқу. № 5,8– жазбаша орындау. (28бет) . | 1-2 |
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. | - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. | 1-2 |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.