Сыныбы – 10 (Ж) сабақ реті: күні________
Тақырыбы | §1.10.Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы. | уақыты |
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік: | қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы туралы алған білімдерін қалыптастыру; теңдеуді талдау,түсіндіру,қорытындылау, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
|
|
Сабақ типі: | Жаңа сабақ. |
|
Сабақ өткізілу түрі: | Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 10- ЕТЖ-1 |
|
Құралдар мен реактивтер: | интерактивті тақта, ерігіштік кестесі,10- ЕТЖ -1. |
|
Ұйымдастыру кезеңі: | (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. | 1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: | Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. 1.Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру. 2.Нашар үлгерушілермен жұмыс: кеңесшілер көмегі. | 5-7 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: | 1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация ) Білімділік міндеттері: . -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; - оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы 1.Білімді жаңғырту: 1.Фронталды сұрақтар: * Аквохимия деген не? ? * Бренстед теориясы неге протондық теория деп атайды? * Иондық теориясы көзқарасы бойынша қышқыл және негізге анықтама беріңдер? * Солбважүйелер теориясы бойынша қышқыл және негізге анықтама беріңдер | 3-4 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
| Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 2.Мұғалімнің түсіндіруі: Жаңа сабақты түсіндіру:
1939 ж белгілі кеңес химигі ,КазКСР Ғылым академиясының академигі Михайл Ильч Усанович қышқылдық – негіздік әрекеттесудің жаңа теориясын ұсынды .Бұл теория сендерге белгілі басқа теориялармен салыстырғанда қышқылдық – негіздік әрекеттесудің табиғатын кеңінен қарастырады . Мұнда әрекеттесудің өнімдері тұздар болып табылады деп есептейді . Усанович теориясы бойынша , тұз – қышқылды негізбен (немесе негізді қышқылмен) бейтараптау реакциясы нәтижесінде түзілген өнім . Қышқыл - катионды беруге (мұнда протон да кіреді ) немесе анионды (оның ішінде электрон да бар ) қосып алуға қабілетті бөлшектер , ал негіз – анионды беруге немесе катионды қосып алуға қабілетті бөлшектер . Михайл Ильич Усанович Химия ғылымдарының докторы , профессор , ҚазКСР Ғаның академигі ,Өзбекстан КСР және Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері . Дүние жүзіне белгілі қышқылдар мен негіздер теориясының авторы , аты әлемге әйгілі ғалым Ғылыми еңбектері ерітінділер табиғаты саласына арналған . Сулы және бейсулы ерітінділер табиғатын зерттеу негізінде тұжырымдалған қышқылдар мен негіздер теориясы әлемдік ғылыми әдебиетке «Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы» деген атаумен енген. + - Егер қышқылды – Қ , негізді –Н, Катионды – К және анионды – А әріптерімен белгіленсе , онда бұл анықтамаларды сызбанұсқа түрінде былай белгілейді . + + - - Қ: - К ( Н ) немесе + А (е) - - + + Н: - А (е) немесе + К ( Н ) Бұдан бұрынғы келтірілген анықтамаларға көңіл аударсақ , иондық , сольважүйелер және протондық теориялар анықтамалармен дәл келетінін атап өтуге болады . Басқаша айтқанда , қышқыл мен негіздің бұрын белгілі анықтамасы Усановия теориясында да сақталады . Сондықтан оның теориясын «Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің жалпылама теорисы » деп аталады , ал алдындағыларды жалпы теориға бағынатын дербес теориялар деп есептейді . Усанович теориясы бойынша тұз түзе жүретін кез – келген процес бейтараптану теакциясына жатады . Ке келген тұз ктионнан яғни қышқылдан және анионнан яғни негізден тұрады . Шынында да катионның анионды қосып алу қабілеті болғандықтан ол қышқылдық қасиет көрсетеді , ал анионның катионды қосып алу қабілеті болғандықтан негіздік қасиет көрсетеді . Мысалы сулы ортады тұнба түзіп жүретін реакцияны алайық . 2+ 2- Са + СО3 СаСО3
қышқыл негіз тұз
немесе еритін қосылыстың диссоциациялану процесі: 2+ - BaCL2 Ba + 2 CL
тұз қышқыл негіз Осыдан катион мен анионның өзара қосылуын немесе олардың бөлінуін қышқылдық – негіздік қасиеттің көрінуі түрінде қарастыру керек екендігі көрінеді . Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің жалпы теориясын түсіндіру үшін нақты мысалдар қарастырайық . 2- Су күкірт қышқылының ангидридімен әрекеттескенде О анионын беріп негіз болса , ал күкірт (ҮІ) оксиді анионды өзіне қосып алып қышқыл болады . Н2 О +SO3 = H2SO4 (күкірт қышқылының халықаралық атауы тұздың атауына ұқсас – сутек сульфаты) SO3 + К2О = К 2SO4 Бұл реакция да бейтараптану реакциясына жатады , өйткені бастапқы күшті қышқыл SO3 және күшті негізден К2О , әлсіз негізбен SO4 - әлсіз қышқылдан К+ тұратын тұз алынады . Мұндай талқылаулар протондық теорияны түсініргенде де қолданылды . Демек , Бренстед теориясы бойынша жасалған қорытындылар Усанович теориясы үшін де дұрыс . Усанович теориясы бойынша түзілуде басты орын әрекеттесуші бөлшектерге бөлінген .Бұл белгі бойынша қышқылдық – негіздік әрекеттесуге бізге таныс көптеген процестер жатады . Мысалы : 1. Zn (OH) 2 + 2 HCL = ZnCL2 +2 H2 O
2. ZnO + 2 HCL = ZnCL2 + H2O 3 . Zn + 2 HCL = ZnCL2 + H2 - 2 е 4. . Zn + CL2 = ZnCL2
Бірінші реакцияның қышқылдық – негіздік реакцияға жататының Аррениус теориясы көмегімен дәлелдеуге болады . Өйткені оксоний ионы гидроксид ионымен бейтараптанады . Бұл теорияларға сүйеніп , қалған үш реакцияның жүру механизмін қышқылдық – негіздік әрекеттесу тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес . Усанович теорисы бойынша барлық 4 реакция қышқылдық – негіздік әрекетесуге жатады , өйткені олардың барлығында тұз – мырыш хлориді түзіледі . Олардың біріншісі- дәстүрлі аквоқышқылдың аквонегізбен әрекеттесуі болып табылады . .Екіншісі тұз қышқылы мен аквоқышқылдан суды аластатқанда түзілетін ангидриттің бейтараптануын сипаттайды . Үшінші реакцияның теңдеуінен металл- негіз екеіні көрінеді , өйткені ол өзінің электрондарын беріп , тұз қышқылымен бейтараптанады . Төртінші реакцияда мырыш атомы қышқылмен – хлор молекуласының электрондарын қосып алып бейтараптанады . Нәтижесінде сол тұз – мырыш хлориді түзіледі . Усанович бойынша , жоғарыда келтірілген қышқыл мен негіздің анықтамалары тотығу мен тотықсыздану реакцияларын қышқылдық – негіздік әрекеттесуге жатқызуға мүмкіндік береді . Шындығында Усанович теориясы бойынша мырыштың хлормен тотығуы кезінде жүзеге асатын негізден қышқылға электрондардың ауысу процесі , қышқыл мен негіз арасындағы бейтараптану реакциясына сәйкес.
| 6-7 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңі: | Білімділік мақсаты: . - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1. 10- ЕТЖ -1 жұмыс істеу: № 1,2,3,4 нұсқа1,2 .(8бет) | 20-22
|
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
| -тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау; Жеке сұрақтар: Усанович теориясын жалпылама теория деп атайды? Магний сульфатын алуға болатын реакция теңдеулерін құрастырып,оны Усанович теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.
| 2-3;
|
Білімді тексеру
және өз бетінше тексеру кезеңі: | -оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау; -оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау. -оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. 1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу: | 3-4 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі: | Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. параграф 1,10 оқу. № 3-6– жазбаша орындау. (39бет).
| 1-2 |
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. | - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. | 1-2 |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.