Тақырыбы | §8.14.8.15. 8.16. VI Атоптың негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Оттек.Озон. Су. | уақыты |
Білімділік мақсаты: дамытушылық тәрбиелік: | Оқушыларғаалтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны,оттек,озон,судың физикалық,химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,жай зат қасиетінің азот атомының құрылысына байланыстылығын түсіндіре білу ,қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын жетілдіру,дамыту. сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. |
|
Сабақ типі: | Аралас сабақ |
|
Сабақ өткізілу түрі: | Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу, 9-Б-7көру, фронталды сұрақтар,кітаппен өз бетінше жұмыс,хабарлама |
|
Құралдар мен реактивтер: | Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10- ЕТЖ -1, ХЭПЖ. |
|
Ұйымдастыру кезеңі: | (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. | 1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: | Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. 1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру:бір-бірін тексеру.
| 5-7 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
| 1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімділік міндеттері: -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; - оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары:
Білімді жаңғырту. (Актуализация ): 1.Фронталды сұрақтар: (нашар үлгерушілермен жұмыс) Қандай элементтер 6 топ элементтеріне жатады? Олар қандай табиғи ұяластарды құрайды? Олардың қанша валентті электрондары бар? Олардың қай класқа жатады? 2. 254 беттегі 8.5 таблица бойынша жұмыс істеу:
3. «Оттек»тақырыбы бойынша жопарлы жұмыс жүргізу :
1ХЭПЖ орны. 2. Атомқұрылысы 3.Табиғатта кездесуі 4.Физикалық қасиеттері 5.Химиялық қасиеттері 6.Оттектің табиғаттағы маңызы 7. Оттектің алынуы | 2-3 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
| Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; - оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Жаңа сабақты түсіндіру: (9-Б-7көре отырып оқушыларды қатыстыру ): 1. МҰғалімнің толықтыруы: *****4 бейметалл , бұл халькогендер (кен түзушілер ); 6 электроны бар ,оттек атомында –dдеңгейше жоқ,сондықтан екі валентті.Қалғандарындарының валенттігі 2, 4, 6. Электртерістігі оттектен төмен қарай кемиді.Сутекті қосылыстарын жай заттардан синтездеп алады,сулы ерітінділерінде әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді..Сера, селен, теллур 2 түрлі оксидтер түзеді. *****оқушылар оттектің молекуласы екі атомнан тұратнын біледі, жұптаспаған электрондары парамагниттік қасиет береді ,яғни ол молекуланың магниттік өріске бағытталуы. Инертті газдармен (гелий, неон, аргонмен) оксидтер түзбейді , бірақ та көптеген элеменнтермен- оксидтер түзеді. Галогендермен тікелей, криптонмен, ксенонмен,алтынмен , платинамен тікелей әрекеттеспейді,оларды жанама әдістермен алады.. *****Озон – оттектің аллотропиялық түр өзгерісі. Оның бактерицидтік қасиеттері бар, оны озонатормен алады. Бұл- күшті тотықтырғыш,лабораторияда барий пероксидін концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеттіру арқылы алады. *****Су. Бұл табиғатта кең таралған зат,әлсіз электролит,сондықтан таза су электр тоғын өткізбейді,бірақ табиғи су таза болмайды.Кермектік. Дистилденген су, соңғы кезде– ионитті тазалау әдісі қолданылады.Бұл химиялық белсенді қосылыс:белсенді металмен,оксидтермен, кейбір тұздармен кристаллогидраттар түзеді. Катализатор ретінде де қолданылады. Бұл егістікті суғару үшін,жалпы сусыз өмір сүру мүмкін емес. | 13-14 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері: | Білімділік мақсаты: - оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 10- ЕТЖ -1 .90бет №1-нұсқа. №1-5 Дәптерге жазу: | 3-5 |
Білімді жүйелеу және қорытындылау | Білімділік міндеттері: - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1.Қорытынды жасау: 2.Жаттығулар орындау№1-5 | 5-7 |
Бақылау және өз бетінше бақылау: | Білімділік міндеттері: - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары Жаттығуларды тексеру | 2-3 |
Үй тапсырмасын беру кезеңдері: | Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. параграф 8.15 – 8.17 –оқу, № 1,2,3 – бірінші деңгей, 9,10,5 – екінші деңгей(259)жазбаша Күнделікке жазғанын тексеру | 1-2 |
Сабақ қорытындысын шығару: | - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою | 1-2 |
Рефлексия кезеңі | Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады? | 1-2 |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.