Дүниетану | Уақыты: | Мұғалім: | ||
Сабақтың тақырыбы | Көз – көру мүшесі | |||
Сабақтың жалпы мақсаты | Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға,көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге,оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.Көзді сақтай отырып,ойлау қабілетін,ойы мен тілін дамыту. | |||
Әдіс-тәсілдер | түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу | |||
Көрнекіліктер | Көзді суреті салынған плакат . | |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру |
Би «Қаражорға» | |||
Топқабөлу | Оқушыларды плакатка көздің тарихы жайында шағын эссе жазу тапсырылады . | |||
Үй тапсырмасын сұрау | Үйге берілген «Мұрын» тақырыбын оқытып, мазмұнын сұрау. Үй тапсырмасын | |||
Қызығушылықты ояту | 1)Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында. 2)Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз. 3)Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз
| |||
Жаңа материалмен жұмыс. | 1. Көрудің маңызы. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%- дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез - құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Көру арқылы жазуға, оқуға үйренеміз. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, балет, кескіндеме, кинодағы әдемілікті көреміз. | |||
Ой толғаныс | Сен білесің бе? Көз туралы қызықты мәліметтер -Жағымды заттар көргенде адамның қарашығы 45% дейін ұлғаяды. -Ер балаларға қарағанда қыз балалар көзін екі есе жыпылықтатады екен. -Көзді ашып түшкіру мүмкін емес. -Көк көзділер ауруға сезімталдау. -Тез оқығанда көз аздау шаршайды. -Көз астына қарағанда үстінде кірпік көптеу. -Аралардың көзі бесеу болады. Екі үлкен,үш кішкентай. -Ал құмырсқалар болса жұлдыздарды күндізде көре алады екен. -Шаянның көзі антенна сияқты шошайып шығып тұратын бұтақшаларында орналасқан.Тіпті құйрығында да орналасқан көзі бар екен. | |||
Үйге тапсырма беру. | Көз жайында мақал азып келу . | |||
Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. | |||
Кері байланыс | Оқушылар стикерге көз жайында нақыл сөздер жазып , тақтаға жабыстырады | |||
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.